Нина Вилкова

Нина Вилкова
Профессор
Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы

Нина Вилкова Корольдік арбитрлар  институтының, Ресей халықаралық құқық қауымдастығының және РФ ТПП жанындағы Ресей аралық сотта іс қарауға көмектесу орталығының  мүшесі. 2001-2015 аралығында - Халықаралық сауда палатасы (Париж) жанындағы Арбитрлық соттың Мүшесі.

Ол Халықаралық сауда палатасы жанындағы Ресей Арбитрлық Комиссиясы төрағасының орынбасары, Фин сауда палатасының Арбитрлық институт басқармасының мүшесі, сонымен қатар РФ сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы Халықаралық коммерциялық арбитрлық соттың Президиумының мүшесі болып табылады.

Бұған қоса, Белоруссия ТПП жанындағы, Молдова ТПП жанындағы, Украина ТПП жанындағы және Қырғыз ТПП  жанындағы  Халықаралық аралық соттың  және Халықаралық арбитрлық соттың арбитрлар мүшесінің тізіміне кіреді және онда  дауларды шешуге белсенді қатысады. Ол сондай-ақ Оңтүстік Қытай Халықаралық арбитрлық соттың / Шеньжень  Халықаралық арбитрлық соттың арбитрлары тізіміне енгізілген.  

Вилкова ханым арбитр дәрежесінде  халықаралық коммерциялық арбитражға, коммерциялық келісімшарттарды халықаралық-құқықтық біріздендіруге, тауар саудасының, халықаралық коммерциялық келісімшарттардың және кредиттік шарттардың  заңдық аспектілеріне қатысты дауларды шешуге қатысады.

Нина Вилкова заң ғылымдарының докторы, профессоры және РФ Құрметті заңгері болып табылады.

Әр жылдары Вилкова  ханым Ломоносов ат. ММУ экономика факультетінде, е Лапландия Университетінің заң факультетінде,  XII Валь-де-Марн Париж Университетінде және Нанси IIУниверситетінде сабақ берді.

2014 жылы Global Arbitration Review басылымы жүргізген зерттеулерге сай  Нина Вилкова  Ресейдің ең беделді арбитрларының тізіміне кіреді.