Мурат Журинов

Мурат Журинов
Президенті
ҚР ұлттық ғылым академиясыны

Жұрынов Мұрат  7 желтоқсан 1941 жылы О-Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген.  Қазақ химия-технология институтын бітіріп, Мәскеу химия-технология институтында аспирантура бітірді.

1982 жылдан 1985 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік университетінде проректор болып қызмет атқарды.

1985 жылдан бастап 1991 жылға дейін «Оргсинтез и углехимия АН ССР» институтының директоры.

1991 жылдан 1995 жылға дейін  Ахмед Яссави атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің ректоры.

1995 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстан республикасының білім министрі.

1997 жылдан бастап 2001 жылға дейін Ахмед Яссави атындағы халық аралық Қазақ-Түрік университетінің президенті.

2001-2007 жыл аралығында Д.В. Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институның директоры.

2010-2014 жылдар аралығында Қазақстан-Британ техникалық университетінде ғылым жөніндегі проректор қызметін атқарда.

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа шейін Д.В.Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия институтының Бас директоры болп келеді.

2003 жылдан қазіргі уақытқа шейін ҚР-ның ұлттық ғылым академиясының Президенті.

ҚР ҰҒА президенті, химия ғылымдарының докторы, профессор М. Жұрынов ҚР ұлттық кеңесінің, жоғарғы ғылыми-техникалық коммисиясының, қоғамдық палатаның, ғылым және білім министрлігінің коллегиясының мүшесі және Қазақстан Республикасының премьер-министрінің кеңесшісі  болып келеді.

М.Жұрыновтың 700 ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді, сонымен қатар 17 монография, 120 авторлық куәліктер және патенттер. Оның басшылығымен 32 ғылым кандидаттары, 7 ғылым докторлары дайындалды.

«Парасат»  (2005ж ),  «Барыс» (2011) ордендерімен марапатталды, сонымен қатар Токио университетінің алтын медаліне, Франция қоғамының ғылыми-өндірістік алтын медаліне және «Золотая Фортуна» алтын медаліне  ие болды. 2015 жылы  Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев атынан алғыс хатпен мадақталды. Қазақстан республикасының ұлттық ғылыми және халықаралық түрік елінің  премиясының лауреаты.