Мун-Кю Су

Мун-Кю Су
Президент және Бас Директор
Корей ұлттық мұнай корпорациясы (KNOC)

2012 жылы Корея Президенті  Мун-Кю Су мырзаны  Корея ұлттық мұнай корпорациясының (КҰМК) Президенті және Бас Директоры лауазымына тағайындады. Қосылулар мен бірігулер кезеңі өткен соң КҰМК қызметі ауқымды  бола бастады. Осылайша, өзі қызмет еткен үш жыл ішінде ол портфельді тәртіпке келтіруге  және негізгі кәсіпорындарды жаңартуға бейімделген басымдықтарды белгілей алды.

КҰМК-те атқарған  35 жылдық  қызметінде Су мырза мұнай-газ бизнесінің барлық оң жақтары мен жағымсыз жақтарын  тануға мүмкіндік беретін стратегиялар және жоспарлау бойынша басшы қызметтерді атқарды. Сонымен қатар, ол  КҰМК лондон және париж офистерінің өкілдері атқарымын да атқарды. 

2003 жылы  КҰМК  Тобының  Директорлар кеңесінің мүшесі және Жоспарлау және үйлестіру жөніндегі Атқарушы Вице-президенті  болып тағайындалды. 2004 жылы Аға Атқарушы Вице-президенті  лауазымына жоғарылатылды және бұл қызметті КҰМК-дан кеткенше 2009 жылға дейін атқарды.  2012 жылы КҰМК қайтып келгенше ол компанияның Президенті және Атқарушы Директоры болып тағайындалды.

Су мырза Дүниежүзілік Мұнай кеңесінің (ДМК) Корея Ұлттық кеңесінің Төрағасы және Корея энергетика және минерал ресурстарын игеру  қауымдастығының төрағасы лауазымын атқаруда. Сонымен бірге 2013 жылдан бастап Дүниежүзілік энергетикалық конгрестің (ДЭК) Тэгу ұйымдастыру комитетінің вице-президенті болып табылады.