Мариуш Завиша

Мариуш Завиша
Басқарма Президенті
Польша мұнай-газ компаниясы (PGNiG)

Мариуш Завиша Люблиндегі Мария Склодовской-Кюри  университетінің экономика факультетін бітірді.  Люблиндегі Технологиялық университеттің басқарушылық есеп және бизнес-бақылау бойынша аспирантурасын, сонымен қатар Варшавадағы Козминский университетінің бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігінің халықаралық стандарттары бойынша  аспирантурасын аяқтады. Люблиндегі бизнес-мектеп  бағдарламасын аяқтаған соң, Престондағы Орталық Ланкашир университетінің іскерлік әкімшілік ету магистрі дәрежесін алды.  

Завиша мырза он сегіз жыл бойы әртүрлі басшы қызметтерді атқарды, соның ішінде  (1996 жылдан бастап 1999 жж. аралығында хронологиялық тәртіппен) "Zakłady Remontowe Energetyki Lublin" АҚ экономикалық және нарықтық зерттеулер бөлімінің басшысы, сапаны қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, бақылау жөніндегі бөлімнің басшысы болып істеді.  1999  жылдан бастап  2001 жж. дейін  "Lubelskie Zakłady Przemysłu Skórzanego Protektor" АҚ-да  экономикалық зерттеулер және бақылау бөлімінің басшысы, бас экономитс қызметтерін атқарды.

2001 жылдан бастап  2004  жылдар аралығында  "Instal Lublin" АҚ қаржы директоры және Бақсарма мүшесі болып еңбек етті. Кейінірек, 2004 ж. маусымнан бастап  2006 ж. маусымға дейін "MPWiK w m. st. Warszawa" АҚ Басқармасының қаржы мәселелері жөніндегі мүшесі болып қызмет етті. 2006 -2007 жж.  аралығында "Lubelskie Zakłady Energetyczne LUBZEL" АҚ Басқарма мүшесі, Басқарма президенті және қаржы директоры болды.

 2007 ж. шілдеден бастап  2010 ж. тамызға дейін "PGE Dystrybucja Lubzel" ЖШС Басқармасының президенті, ал 2010 ж. қаңтардан бастап 2013 ж. желтоқсанға дейін  "PGE Dystrybucja" АҚ Басқармасының президенті лауазымында қызмет атқарды.

"Elektrociepłownia Lublin Wrotków", "EPC" АҚ,  "Exatel" АҚ,  "PGE Systemy" АҚ және басқа  да компаниялардың қадағалау кеңесінің құрамында болды.

2014 жылғы 1-қаңтарда  Завиша мырза  "PGNiG" АҚ Басқармасының Президенті болып тағайындалды.