Леонид Шенец

Леонид Шенец
Энергетика министрінің Бірінші орынбасары
Беларусь Республикасы

Шенец Леонид Васильевич 1955 ж. 4 қаңтарда Гомель  облысы Светлогорский ауданы  туған  Еланы деревнясында туған.

Білімі жоғары: 1978 ж. Белорусь  Еңбек Қызыл Ту орденді политехникалық институтын  «Электр жүйелері» мамандығы бойынша аяқтады.

Ғылыми дәрежесі: техникалық ғылымдардың кандидаты.

Мансабы мен қызметіндегі ең атаулы кезеңдер:

 2003-2006 - Беларусь Республикасының Министрлер кеңесі жанындағы Энергия тиімділігі комитеті Төрағасының  Бірінші орынбасары;

2006-2008 - Беларусь  Республикасы Энергетика министрінің орынбасары;

2008-2012 – Мемлекеттік стандарттау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары – Энергия тиімділігі жөніндегі департаменттің директоры; 

05.08.2013-қазіргі уақытқа дейін - Беларусь  Республикасы Энергетика министрінің Бірінші орынбасары.

Наградалары мен марапаттаулары:

 «Еңбек сіңіргені үшін» медалі, Беларусь Республикасының Министрлер кеңесінің, Беларусь Республикасының Ұлттық жиналысының мақтау қағаздары,  Беларусь Республикасының Премьер-министрінің алғыс хаты.

Л.В.Шенец энергетика және энергия үнемдеу, республика экономикасының  энергиялық тиімділігін арттыру мәселелерін шешу, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және техникалық нормалауды дамыту саласындағы  мемлекеттік саясатты қалыптастыруға зор үлес қосты. Оның тікелей басшылығымен бірқатар концептуалдық бағдарламалық құжаттар әзірленді және іске асырылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, халықаралық ұйымдарда, форумдарда, конференцияларда, халықаралық деңгейдегі кездесулерде   көптеген насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

Энергетика министрінің орынбасары  қызметін атқара жүріп ол республиканың энергия ресурстарына қажеттілігін қамтамасыз ету;  отын-энергетикалық  балансты реттеу; отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану және энергия үнемдеу туралы мемлекеттік саясатты іске асыру және қалыптастыру және басқа да мәселелерді  басқарады.