Клаудио Дескальци

Клаудио Дескальци
Бас атқарушы директор
Eni

2014 жылдың мамыр айында Энидің Бас атқарушы директоры болып тағайындалды.

1955 жылы Миланда туып, 1979 жылы Милан университетін физика мамандығы бойынша бітірді.

Қазіргі кезде Конфиндустрия Жалпы кеңесінің мүшесі және Ла Скала театры қорының директоры лауазымында.

Эниге 1981 жылы Солтүстік теңізі, Ливия, Нигерия және Конго бойынша мұнайгаз кен орнын игеру және жоба менеджері ретінде келді. 1990 жылы Италия бойынша коллектор және өндірістік жұмыстары жетекшісі болып тағайындалды.

1994 жылы Энидің Конгодағы филиалының Басқарушы директоры, 1998 жылы Энидің Нигериядағы Naoc филиалы Төрағасының орынбасары және Басқарушы директор болып тағайындалды.

2000-2001 жылдардың арасында Африка, Таяу Шығыс және Қытай бойынша Атқарушы Вице-президент лауазымында болды.

2002-2005 жылдардың арасында Италия, Африка, Таяу Шығыс бойынша Атқарушы Вице-президенті және осы өңірдегі Энидің бірнеше филиалының директорлар кеңестерінің мүшесі болды.

2005 жылы Эни Барлау және өндіру бөлімшесінің Бас өндірістік директорының орынбасары болып тағайындалды.

2006-2014 жылдардың арасында Assomineraria Предиденті болды.

2008-2014 жылдардың арасында Эни Барлау және өндіру бөлімшесінің Бас өндірістік директоры болды.

2010-2014 жылдардың арасында Эни Ұлыбритания Төрағасы болды.

2012 жылы Клаудио Дескальци мұнайгаз саласындағы бірінші еуропалық болып Өндіруші инженерлер қоғамы мен Американдық тау-кен инженерлер институтынан «Чарльз Ф. Ранд Естелік алтын медалі 2012» марапатын алды.