Каха Каладзе

Каха Каладзе
Премьер Министрінің орынбасары, Энергетика министрі
Грузия

1978 жылғы 27-ақпанда туған. Ол  И. Явахишвили ат. Тбилиси Мемлекеттік Университетінің тарих факультетін бітірді. 

Өзінің саяси белсенді қызметін 2012 жылы бастады. 2012 жылғы қаңтардан бастап бүгінге дейін Каха Каладзе Грузия Премьер Министрінің орынбасары  және Грузия Энергетика министрі  қызметін  атқаруда.

Каладзе мырза «Кала Капитал» (2007) және  «Кала Қайырымдылық қоры» (2008) Халықаралық Инвестициялық қорының негізін қалаушы болып табылады.

Бұрын ол «Динамо Тбилиси», «Милан» (2001-2010), «Динамо Киев» (1998-2001) және «Геноа» (2010-2012) футбол командаларында ойнаған.

Каха Каладзе Вахтанг Горгасали  атындағы екінші дәрежелі  медальдың иегері.