Кандэ Юмкелла

Кандэ Юмкелла
БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі Жалпыға бірдей тұрақты энергетика бастамасының Бас атқарушы директоры

Доктор Юмкелла Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының Арнайы өкілі және Жалпыға бірдей тұрақты энергетика бастамасының Бас атқарушы директоры  болып табылады. Ол осы бастаманы жалпы үйлестіру  қызметін атқарады және Жеңілдету бойынша жаһандық топтың (GFT) жұмысын, сонымен қатар әртүлі жерлердегі операцияларды, соның ішінде тематикалық және өңірлік орталықтардың жұмыстарын  бақылайды.

Қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін  Кандэ Юмкелла БҰҰ  өнеркәсіпті дамыту жөніндегі Бас директоры қызметін екі мерзім бойы атқарды, ол алғаш рет 2005 жылы, ал екінші рет 2009 жылы сайланды.  Оған дейін ол ЮНИДО-да әртүрлі жоғары лауазымдарда қызмет етті, соның ішінде Африка  және дамымаған елдердің өңірлік бюросының  бұрынғы бас директоры және директорының арнайы кеңесшісі қызметін атқарды.  Оның басшылық етуімен  ЮНИДО Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесі шеңберіндегі сауда-саттық мақсатында  дамушы елдерге техникалық көмек көрсететін ірі жеткізуші  болып қалыптасты.

Кандэ Юмкелла сонымен қатар 2008 жылдан бастап энергетика саласында жұмыс істейтін БҰҰ-Энергияға төрағалық етті.  Төраға ретінде ол жаһандық энергетика мәселелеріне қайта назар аударды және БҰҰ-ға осы мәселелерді үйлестіруге көмектесе алды.  2008 жылдан бастап 2010 жылға дейін ол даму саласындағы күш-қуатты арттыру үшін маңызды кедергі болып отырған энергияға қол жетімділіктің жоқтығын  баса көрсете отырып Энергетика және климат өзгерістері (AGECC) жөніндегі Бас хатшының Консультациялық тобын басқарды. Топтың 2010 жылы шығарылған баяндамасы климат өзгерістері мәселесесін шешу және Мыңжылдықты дамыту мақсаттарын іске асыру мақсатында энергияға, энергия тиімділігіне және жаңармалы энергия көздеріне қол жетімділікті ұлғайту  қажеттілігін растады.

ЮНИДО-да қызметке тағайындалғанға дейін ол 1994-1995 жылдары Сьерра-Леон Республикасының   сауда, өнеркәсіп және мемлекеттік кәсіпорындар министрі қызметін атқарды.  1987 және  1996 жж аралығында  оқуын жалғастыра жүріп ол  Мичиган штатының университетінде және Иллинойс штатының университетінде әртүрлі академиялық қызметтерді атқарды.

Юмкелла  мырза Дүниежүзілік экономикалық форумның, Климат өзгерістері туралы күн тәртібі жөніндегі жаһандық кеңестің, Қытайдың қоршаған ортаны қорғау және дамыту бойынша ынтымақтастық жөніндегі халықаралық кеңесінің (CICCED) мүшесі. Оның Иллинойс штаты университетінің ауыл шаруашылығы экономикасы саласындағы докторлық дәрежесі және  Корнель  университетінің аграрлық экономика магистрі  дәрежесі  бар. Ол Сьерра-Леон Университеттік  колледжінің Njala ауыл шаруашылығы бакалавры (үздік) дәрежесін алды.