Дэниел Ергин

Дэниел Ергин
Директорлар кеңесінің құрылтайшысы және төрағасы
IHS Cambridge Energy Research Associates (IHS CERA)

Дэниел Ергин — энергетика, халықаралық саясат және экономика саласындағы танымал сарапшы. Ол  -  жетекші консалтингілік және зерттеуші компаниялардың бірі болып табылатын IHS Cambridge Energy Research Associates (IHS CERA) Директорлар кеңесінің құрылтайшысы және төрағасы. Әлемдік бестселлер атанған және 18 тілге, соның ішінде қазақ тіліне  аударылған «Өндіру: мұнай, ақша және билік үшін дүниежүзілік күрес тарихы» кітабы үшін Дэниел Ергин  Пулитцеров сыйақысының иегері атанды.  Доктор Ергин — CNBC іскерлік жаңалықтар телеарнасының жаһандық энергетика жөніндегі сарапшысы

Дэниел Ергин АҚШ-тың «Энергетика саласындағы жетістіктері және халықаралық өзара түсіністікті нығайтқаны үшін» сыйақысының, сонымен қатар Италия президентінің  «Әлемдік қауымдастықты дамыту жолдарын іздестіру үдерісіндегі геосаясаттың қозғаушы күштерімен үйлесімді нарық динамикасы жөніндегі көзқарасы  үшін» медалінің иегері.

Доктор Ергин жаһандық энергетикалық индустрияда жетекші рөл атқарады. Доктор Ергин — Ресей мұнай және газ академиясының құрметті  профессоры   және  Америка-Ресей Іскерлік Кеңесі  Директорлар кеңесінің мүшесі. Ол сонымен қатар Халықаралық газ одағы кеңесшілерінің бірі, Санкт-Петербургтегі Экономикалық форумның және Давостағы Дүниежүзілік  экономикалық  форумның энергетика мәселелері жөніндегі серіктесі.

Бұған қоса, Дэниел Ергин АҚШ Энергетика министрінің консультациялық  кеңесіне кіреді және АҚШ Энергетика министрлігінің энергетика саласындағы стратегиялық әзірлемелер және зерттеулер жөніндегі арнайы комиссиясының төрағасы болып табылады.  Ол  сонымен қатар Массачусет  технологиялық  институтындағы Энергетикалық бастамалардың консультациялық кеңесінің және энергетика жөніндегі Сингапур халықаралық консультациялық комитетінің  мүшесі.

Дэниел Ергиннің   Йельск  университетінің гуманитарлық ғылымдар бакалавры дәрежесі және Кембридж  университетінің докторы дәрежесі бар.