Дэвид Меркель

Дэвид Меркель
Джон Хопкинс Университеті жанындағы Трансатлантикалық қатынастар орталығының аға ғылыми қызметкері
Summit International Advisors ұйымының басқарушы директоры

Меркель  мырза АҚШ Мемдепартаментінде еуропалық және еуроазиялық істер жөніндегі Мемлекеттік хатшы, Ақ Үй жанындағы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің еуропалық және еуроазиялық істер жөніндегі директоры,  Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің орталық азия істері жөніндегі директоры, АҚШ Қаржы министрлігі жанындағы халықаралық істер жөніндегі  хатшы көмекшісінің орынбасары,  АҚШ Бағалы қағаздар мен биржа бойынша комиссия  Төрағасының Халықаралық кеңесшісі лауазымдарын атқарды (SEC). 

Қазіргі уақытта ол Қазақстандағы Астанада  Назарбаев Университеті Қамқоршылар кеңесінің мүшесі,  Денвер Университеті жанындағы Йозеф Корбел халықаралық зерттеулер мектебінің әлеуметтік ғылымдар қорының мүшесі, Вашингтонда, Колумбия округіндегі Америкалық университет жанындағы халықаралық зерттеулер мектебінің декандар кеңесінің мүшесі болып табылады. 

Экономика және халықаралық қатынастар бойынша ғылыми дәрежесі бар және Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты (Лондон) және Швед халықаралық қатынастар институтының халықаралық қатынастар бойынша кеңесінің мүшесі болып табылады.