Др Йожеф Тот

Др Йожеф Тот
Президент
Бүкіләлемдік Мұнай Кеңесі

Доктор Йожеф Тот 1945 жылы 10 маусымда дүниеге келді.

Ол Веспрем қ.  Университетінің Мұнай өңдеу және мұнай-химия факультетінде оқып,

1986 жылы химиялық технологиялар саласының магистрі дәрежесін алды. 1971 жылы экономика магистрі атанды. Сондай-ақ, ол 1974 жылы Будапешт экономикалық Университетінде оқыды және сол жылы Лондон  Университетінің Корольдік колледжінде дипломнан кейінгі білім алуға арналған шәкіртақыға ие болды. 1976 жылы экономика ғылымдарының докторы дәрежесін алды.

1980 жылдан 1992 жылға дейінгі аралықта Доктор Йожеф Тот Мажарстанда мажар сыртқы сауда қауымдастығының құрылтайшы-мүшесі, кейін келе осы құрылымның Қиыр Шығыс бизнес-клубының құрылтайшы-мүшесі ретінде қызмет етті. Сондай-ақ, ол Будапешттің сауда-өнеркәсіп палатасының төралқа мүшесі болды. 1992 жылдан бастап мажар мұнай қауымдастығының негізін қалаушы және белсенді Төрағасы. 1984 жылдан 1996 жылға дейінгі кезеңде мұнай және пайдалы қазбаларды сату жөніндегі мажарлық «Минералимпэкс» компаниясының басқарушы директоры болды. 1993 жылдан бүгінгі күнге дейін мажар мұнай-химия материалдарын стратегиялық қорландыру жөніндегі қауымдастық кеңесінің вице-президенті қызметін қоса атқарып келеді.  1996 жылдан 1999 жылға дейін, үш жыл «Минералимпэкстің» құқықтық мұрагері «МОЛТРЕЙД Минералимпэкс Ко Лтд.» компаниясының аға вице-президенті болды. Содан кейін «МОЛ Хангэриэн Ойл энд Гэс Плс.» компаниясының басқарушы директоры болып тағайындалып, осы лауазымда 1999 жылдан 2002 жылға дейін еңбек етті. 2001 жылдан бері  Доктор Йожеф Тот Халықаралық энергетикалық агенттіктің Салалық консультативтік кеңесінің мүшесі. 2002 жылдан 2010 жылға дейін «МОЛ Хангэриэн Ойл энд Гэс Плс.» компаниясы бас директорының және төрағасының Бас кеңесшісі болып еңбек етті.

Доктор Тот Веспрем қ. Университетінің (Венгрия) құрметті профессоры,  ал 2000 жылдан бері Сингапурдың Мажарстандағы құрметті Бас консулы.