Доминик Лавин

Доминик Лавин
Директор по работе с государственными организациями и общественностью
Methanol Institute (MI)

Доминик Лавин Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі  компанияларды басқару, мемлекетік ұйымдармен қарым-қатынас жасау және тікелей шетелдік инвестицияларды басқару саласында 20 жылдық тәжірибесі бар білікті американдық басшы болып табылады. 2000 ж. бастап ол Азияда тұрады.

Лавин мырза метанол өндірісінің дамуын қолдайтын жеке коммерциялық емес дүниежүзілік қауымдастық болып табылатын Метанола Институттың (Азия-Тынық мұхиты өңірі және Таяу Шығыс бөлімі) Мемлекеттік ұйымдармен және қоғамдастықпен жұмыс жөніндегі директоры болып қызмет етеді.   Бұл қызметте ол мемлекетік ұйымдармен қарым-қатынас  жасауға және нарықты дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау жасауға жауапты, сонымен қатар Қауымдастықтар мен олардың мүшелеріне өте жылдам дамып жатқан өңірлерде  жұмыс істеуге  көмек көрсетеді.

2010-2011 жылдары Лавин  мырза  өзі білім алған  Джон Кэрролл (JCU) университетінде Азия-Тынық мұхиты өңірі  бойынша  Аға кеңесші болып істеді. Кеңесші рөлінде ол аз  уақыт ішінде  университетке  өңірдегі тоғыз елден студенттерді көптеп  тарту үшін қажетті  маңызды контактілерді жолға қоюға көмектесті.

2003 және  2011 жылдар аралығында  Лавин  мырза АҚШ Сауда палатасында (AmCham) жоғары лауазымды қызмет атқарды.  Ол еңбек жолын Сауда палатасының сингапурлік офисіндегі үкіметпен байланыс бойынша менеджер болып бастап, кейіннен Малайзиядағы Атқарушы директоры, сосын қайтадан Сингапурдағы  Атқарушы директоры  және соңында АҚШ Сауда палатасының Ауғанстандағы Кабул ашық офисінде Атқарушы директор лауазымын атқарды.

Лавин мырза  өзінің тәжірибесін және Азия және АҚШ елдерінде тікелей шетелдік инвестициялармен айналысатын көп тамыр-таныстығын  пайдалана отырып американдық және халықаралық компанияларға мемлекеттік саяси мақсаттарына қол жеткізуде  көмек көрсетуде салмақты рөл атқарды.  Ол Қытай, Индонезия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур және Вьетнам үкіметтеріне өңірдегі американдық бизнес-мүдделерге қатысты  кеңесшілік қызмет көрсетті. 2003-2007 жылдар аралығында  ол  Қытай, Үндістан, индонезия және Вьетнамға АҚШ өкілдігі және Сауда палатасының өкілдігі үшін көптеген бизнес-инвест турлар жасады.

Г-н Лавин мырза сонымен қатар бірнеше бұрынғы мемлекет басшыларымен және ұлт көшбасшыларымен тығыз байланыс жасап тұрады.  Ол 1992-1995 жылдары Ақ үйде АҚШ Вице-президенті Альберт Гордың көмекшісі  қызметінде, сонымен қатар 2000-2003 жылдары  BusinessWeek журналы үшін  және оның Гонконг пен  Сингапурдағы dnmStrategies Limited басқарушы фирмасы атынан ірі компаниялардың бас директорлары үшін конференция ұйымдастырғанда  танымал болды.

Лавин  мырза  Кливлендтегі (Огайо штаты, АҚШ) Джон Кэрролл Университетін үздік дипломмен бітірді, онда ол политология саласының гуманитарлық бакалавры дәрежесін алды. Ол неміс тілін жетік меңгерген, аздап қытайша біледі және корей тілінде өз ойын білдіре алады.  Ол Германияда, Гонконгте, Малайзияда және Ауғанстанда тұрды және жұмыс істеді, қазір Сингапурде тұрады.