Джон Вудс

Джон Вудс
Вице-президент по вопросам развития энергетики Энергетиканы дамыту мәселелері жөніндегі вице-президент
Minas Energy

«Минас Энерджи» компаниясы  Канадада көптен бері жұмыс істеп келе жатқан, беделді әрі көп салалы өндірістік компаниялардан тұратын «Шкотия Инвестментс» компаниялар тобына кіреді.

Әр салада атқарған 35 жылдық тәжірибесі бар, талантты инженер, көшбасшы және  басшылық қырынан өзін таныта білген Вудс мырза жаңа мыңжылдықтың сын-қатерлеріне  қарсы әрекет етуге қажетті  білім мен білік-дағдыны жинақтай алды.  Ол жеке секторда, сондай-ақ мемлекеттік секторда да табысты қызмет атқарды. Вудс мырза атқарған негізгі қызметтер мынадай:

«Минас Энерджи»

  • Вице-Президент,  Энергетиканы дамыту                                      2007-

«Суэз Реньюэбл Энерджи», Солтүстік Америка                                        2005-2007

  • Жоба директоры

Жаңа Шотландия электр тұтынушыларының альянсы                        1999- 2005

  • Атқарушы  директор

Жаңа Шотландия  кәсіпқой инженелерінің қауымдастығы,

Галифакс, Жаңа Шотландия                                                                            1997-1999

  • Атқарушы директор

Вудс  мырза  Дартмут қалалық кеңесінің басшысы қызметіне де сайланды.   Қажет болған жағдайларда ол осы қаланың мэрінің міндетін атқарушы  және орынбасары қызметтерін де атқарды. Оған қоса, ол инженерлік ғылымды оқып жүрген  200-ден астам студенттерге лекция оқып, оқытушылық қызметті де атқарды. Оған  24 жылдық еңбегі үшін «Инженерлер мен қоғам»  курсының құрметті лекторы мәртебесі берілді.

Соңғы онжылдықта Вудс мырза Жаңа Шотландияда электр энергетикалық өнеркәсіпті қайта құрылымдау ісін басқарды және Канаданың теңіз жағалауындағы провинцияларына арналған сарапшылық пікірлерді  білдірді, атап айтқанда, энегетика саласына байланысты мәселелерді көпшілікке  түсіндіруге көмектесті. Ол электр энергиясы нарығының  Басқарушы комитетінің шешуші құрамының, Консультациялық нарықтық комитеттің, сонымен қатар электр энергиясын беру тарифтеріне ашық  кіру рұқсаты бойынша жұмыс тобының мүшесі болды.

Джонның  Жаңа Шотландия Техникалық  Университетінің электр-техникалық жобалау бакалавры дәрежесі бар. Оның мамандану саласы жаңармалы энергия көздері бойынша  жобаларды басқару, стратегиялар мен эдвокасия әзірлеу,  мүдделі тараптарды тарту және электр-техникалық жобалау істерін қамтиды. Ол аз көміртекті экономикаға көшу кезеңінде осы ел үшін барынша тиімділікті сақтау мақсатында Қазақстандағы жобаларды дамытуға өзінің қарым-қатынас жасау  тәжірибесімен   бөлісуге  қуанышты.