Джеральд Дэвис

Джеральд Дэвис
Дүниежүзілік энергетикалық сценарий бойынша зерттеу тобының төрағасы

Джеральд (Джед) Дэвис дүниежүзілік энергетикалық сценарий бойынша басты  зерттеулердің атқарушы төрағасы болып табылады. 

Дэвис мырза сонымен қатар Forescene компаниясының президенті және директоры болып табылады, басшылық қызметінде ол көптеген перспективалық жобаларды басқарды. Халықаралық бизнес, энергетика және тұрақтылық саласында көпжылдық тәжірибесі бар, соңғы  40 жылда әлемнің барлық өңірлерімен жұмыс істеді, мамандардың үлкен командаларын басқарды, дүниежүзілік желілердің қызметтерін үйлестірді, ірі шараларды жоспарлау және өткізумен айналысты. Энергетика мәселелерін жетік меңгерген, энергетикалық бизнеске қолданымды және  дүниежүзілік сценарийлердң пайдаланылуын дамыту тұрақтылығы бойынша тұжырымдамалардың іске асыруға бастама көтерді.

Джеральд Дэвис 300-ден астам энергетика бойынша зерттеушілерден және 200 сарапшыдан тұратын желіні басқаратын (Global Energy Assessment Council) Дүниежүзілік энергетикалық қорларды бағалау бойынша кеңестің тең  президенті лауазымын атқарды. 2003 -2007 жылдар аралығынжа Дүниежүзілік экономикалық форумның басқарушы директоры болды, осы уақыт ішінде Форумның серіктестік қызметін қолдауға арналған дүниежүзілік деңгейдегі стратегиялық талдау бағдарламасын әзірледі және табыспен іске асырды. 1999 - 2003 жж. аралығында  Shell International компаниясының халықаралық іскерлік орта (Global Business Environment) жөніндегі вице-президенті қызметін  атқарды, сонымен қатар Shell компаниясының сценарийлерін жоспарлау бойынша бөлімнің басшысы болып еңбек етті. Лондон Корольдік колледжінің  тау-кен ісі мамандығы бойынша үздік дипломы  және Лондон экономика мектебі мен  Стэнфорд  университетінің экономика және инженерлік іс магистрі дәрежесі бар.