Де ла Рей Вентер

Де ла Рей Вентер
Атқарушы вице-президент, бірлескен кәсіпорындар
Shell

Де ла Рей  2013 ж. 1 қаңтардан бастап «Shell»  концернінің  Гаагадағы (Нидерланды) офисімен бірге бірлескен кәсіпорындарының  істері жөніндегі атқарушы вице-президенті болып тағайындалды.

Ол  бірлескен кәсіпорындардың активтері «Shell» концерні үшін  негізгі бизнес-құндылық болып табылатын «Шелл» компаниясының 10 мемлекеттегі (Абу-Даби, Бруней, Дания, Мысыр, Италия, Қазақстан, Кувейт, Оман, Сауд Аравиясы және Сирия) қызметтеріне  жауапты.

Де ла Рей  өзінің еңбек жолын 2002 жылы «Shell» компаниясында бастады. Тау-кен өндірісі және металлургия өнеркәсібінде жеті жыл еңбек еткен соң,   ол «Samancor» және «Billiton». Компанияларында стратегиялық жоспарлау, сауда-саттық, маркетинг және тарату істерімен айналысты.  Оның  бухгалтерлік іс бакалавры дәрежесі, инвестицияларды қаржыландыру және басқару саласындағы үздік дипломы, сонымен қатар Швейцария, Лозанна Халықаралық басқарушылықты дамыту институтының үздік іскерлік әкімшілік жүргізу магистрі дәрежесі бар.

Осыған дейін  Де ла Рей «Shell» компаниясында сұйытылған табиғи газ бойынша жаһандық басшы қызметін атқарды.  Оның  міндетіне «Shell» компаниясының сұйытылған табиғи газ бойынша бөлімшесіне  басшылық етуге қоса техникалық зерттеулер мен инновациялар бойынша жұмыстар да кірді, осы жұмысының арқасында  СТГ бойынша жүзбелі кешен сияқты маңызды жобалар пайда болды.  

Сұйытылған табиғи газ бойынша жаһандық басшы қызметін атқарғанға дейін  «Shell» концернінің  Африка бойынша атқарушы вице-президент дәрежесінде «Газ және  энергетика» бөлімшесінің басшы тобының мүшесі болды. Ол  «Shell» концернінің  Нигериядағы  («NigeriaLNG» сияқты) кәсіпорындарын, тұтас континент бойынша әлеуетті мүмкіндіктерді дамытуды   қоса алғанда, тұтас Африка бойынша  газ-энергетикалық қызметіне жауапты тұлға рөлін атқарды.

Ол сонымен қатар Африка және Таяу Шығыстағы қызметтерді дамыту бөлімінде қызмет атқарды.  Онда ол «Qatar Petroleum» компаниясымен бірге «Qatargas 4»  кәсіпорнын, қорытынды инвестициялық шешім қабылданғаннан кейін «Qatargas 4» және  «Qatargas Operating Company»  басқармасында «Shell» өкілдігін құруда, ел ішінде және одан тыс жерлерде «Shell» және «Qatar Petroleum» арасындағы жаңа іскерлік бастамаларды дамытуда жетекші рөл атқарды.