Виктор Зубков

Виктор Зубков
«Газпром» КАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
РФ Президентінің газ экспорттаушы елдердің Форумымен әрекеттестік ету бойынша арнайы өкілі (GECF)

1941 жылы 15 қыркүйекте Свердлов облысы Кушвинск ауданы Арбат кентінде туған.

Ленинград ауыл шаруашылығы  институтының экономика факультетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген экономисі.

Агроөнеркәсіп кешенінің бірқатар кәсіпорындарын және Ленинград облысы билік органдарының  салалық бөлімдерін  басқарды.

1992–1993 Санкт-Петербург мэриясы Сыртқы байланыстар комитеті Төрағасының орынбасары.

1993–1999 Ресей Федералдық салық қызметі басшысының орынбасары —Санкт-Петербург қ. бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының бастығы.

1999–2001 Ресей Федерациясы Салық және алым жөніндегі министрдің орынбасары  — Ресей Федерациясы Салық және алым жөніндегі министрліктің Санкт-Петербург қ. бойынша  басқармасының басшысы.

2001–2004 Ресей Федерациясы Қаржы министрінің Бірінші орынбасары, Ресей Федерациясы Қаржы мониторингі комитеті төрағасының м.а.

2004–2007 Қаржы мониторингі бойынша федералдық қызметтің басшысы.

2007–2008 Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы.

2008–2012 Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының Бірінші орынбасары.

2008 жылдан бастап «Газпром» ААҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы.

2012 жылдан бастап РФ Президентінің газ экспорттаушы елдердің Форумымен  әрекеттестік ету бойынша арнайы өкілі.

«Петербург диалогы» ресей-герман қоғамдастық форумының ресейлік үйлестіру комитетінің  төрағасы.

«Газ саласының жаңа технологиялары» жабдық өндірушілер қауымдастығы  қадағалау кеңесінің төрағасы.

I, II, III, IV дәрежелі «Отанына сіңірген еңбегі үшін» ордендерімен, Еңбек Қызыл Ту Орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, Большой крест Венгрия орденімен, Орыс Православ Шіркеуінің І дәрежелі әулие князь Даниил  Московский  ордендерімен марапатталған.