Бақытжан Жұмағұлов

Бақытжан Жұмағұлов
Президент
ҚР Ұлттық инженерлік академиясы

Белгілі ғалым-математик, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі,  Ғылым, техника және білім саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».

Қолданбалы және есептеу математикасын және ақпараттық технологияларды құру мен қолдану, математикалық модельдерді және математикалық тәсілдерді гидродинамика және мұнай-газ саласында өндірісте қолданудағы міндеттерді  шешуде  көрнекті ғалым.

Қазақстанда және алыс-жақын шетелдерде жарияланған 400-ден астам ғылыми еңбектердің және 11 монография, 8 оқулықтың авторы.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.  Еңбек жолын осында бастаған, ассистенттен профессорға, кафедра меңгерушісінен проректорға (1979 – 1991 жж.)  дейінгі жолдардан өтті. ҚР Білім және ғылым Министрлігінің бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі (2001-2005 жж.) қызметтерін атқарды.

«Отан» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаев 2005 жылдың сәуірінде  «Отан» РСП Төрағасының Міндетін атқарушысы етіп тағайындады. 2007 жылы «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, Төрағасының орынбасары, мәжілістегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының жетекшісі болып сайланды.

2008 жылдың сәуірінде ҚР Президентінің өкімімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.

ҚР Президентінің жарлығымен 2010 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.

Халықаралық инженерлік академиясының бірінші вице-президенті (штаб пәтері Мәскеу қ., РФ). 2011 жылы Ислам елдерінің инженерлік академиялары Федерациясының (FЕІІС) президенті болып сайланды, 2013 жылдан бастап – FЕІІС-тің құрметті президенті. 2012 жылдан бастап Қазақстан математикалық қоғамының президенті. 2009-2011 жж. Түркітілдес елдердің Бүкілдүниежүзілік математикалық қоғамының (ТЕБМҚ) президенті, 2011 жылдың  шілдесінен бастап  - Құрметті президенті. 

Б. Т. Жұмағұлов «Парасат» орденімен марапатталды, Қазақстанның және халықаралық ұйымдардың басқа да көптеген құрметті атақтары мен бірқатар марапаттары  бар.