Аннетт Магнуссон

Аннетт Магнуссон
Бас хатшысы
Стокгольм қ. Сауда палатасы (ССП)

Аннетт Магнуссон Стокгольм қ. Сауда палатасы  (ССП) Арбитраждық институтының Бас хатшысы және Стокгольм сауда палатасының Бас заңгері болып табылады.

Аннетт Магнуссон  ССП-ға 2010 жылы Mannheimer Swartling Advokatbyra (Стокгольм) жұмыс істегеннен кейін қосылды. Mannheimer Swartling-де Магнуссон ханым  дауларды шешу тәжірибесіне қатысты халықаралық арбитраж және стратегиялық мәсеелермен айналысты. Одан бұрын ол Швециядағы Baker&McKenzie білім басқармасының стратегиялық жоспарлау бөлімін басқарды.

Магнуссон ханым ССП-да заңгер, кейіннен 1998 жылдан бастап 2005 жылға дейін ССП Бас хатшысының орынбасары болды. Ол заңгерлік қызметінде швед заңнамалық органдарымен коммерциялық  құқық мәселелері бойынша жеке байланыстар жасау  міндетін  атқарды.

Магнуссон ханымның бірнеше сыртқы тағайындаулары бар, оның ішінде ол:

  • Швед сыбайлас жемқорлыққа қарсы институтының Директорлар кеңесінің мүшесі және  қадағалаушысы
  • Стокгольм коммерциялық құқық орталығында арбитраждық құқық бойынша зерттеу комитетінің мүшесі
  • Стокгольм халықаралық тыңдаулар орталығының консультативтік кеңесінің мүшесі.

Магнуссон ханым  1998 жылы Стокгольм университетінің LLM дәрежесін, ал  1991 жылы Гетеборг университетінің BA/Bsc дәрежесін  алған.  Ол халықаралық арбитраж туралы бірқатар басылымдардың авторы және/немесе редакторы болып табылады және халықаралық арбитраж және халықаралық деңгейде заң қызметтерін дамыту мәселелері бойынша жиі баяндама жасайды.