Андрей Васильев

Андрей Васильев
Атқарушы хатшының орынбасары
БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы

 Андрей Владимирович Васильев, Экономикалық ынтымақтастық және интеграция бөлімінің директоры, БҰҰ ЕЭК Атқарушы хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол өз қызметіне 2010 жылғы 1 сәуірден бастап кірісті.

Андрей Васильевтің  Біріккен Ұлттар Ұйымында отызжылдық еңбек тәжірибесі  бар.   Оны қызметімен құттықтай отырып БҰҰ ЕЭК Атқарушы хатшысы Ян Кубиш  былай деді: "БҰҰ ЕЭК осы елдердегі әртүрлі жобаларын ескерсек, Шығыс және Оңтүстік Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия  елдерінің экономикасы жөніндегі білімі  Андрея Васильев үшін  жаңа атқарымдарын  атқару үшін көп пайдасын тигізеді.    БҰҰ ЕЭК барлық әріптестеріммен бірге барлық мүше елдердің игілігі үшін бірлесіп тығыз қарым-қатынаста  жұмыс істейтін боламыз".

2003 жылдан бастап 2006 жылға дейін  Васильев мырза БҰҰ ЕЭК  техникалық ынтымақтастық жөніндегі директоры болды.

Оған дейін ол  өзі 1993 жылдан бастап жұмыс істеген БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелері департаментінің аға қызметкері болып істеді.

2001 жылдан бастап 2002 жылғы қыркүйекке дейін Йоханнесбургтағы тұрақты даму бойынша дүниежүзілік кездесулер хатшылығының жоғары деңгейлі аға үйлестіруші  қызметкері болып қызмет етті.   Ол 1992 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының хатшылығында БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау және дамыту хатшылығының кеңесшісі болып еңбек ете бастады. 

Біріккен Ұлттар Ұйымындағы қызметіне дейін Андрей Васильев 1987 жылдан бастап 1992 жылғы сәуірге дейін  Нью-Йорктегі (кейіннен Ресей Федерациясында) Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы КСРО Тұрақты өкілеттігінде жұмыс істеді және   әртүрлі экономикалық және экологиялық мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге маманданды.

Мәскеу Мемлекеттік Университетінің Экономика факультетінің  түлегі  Андрей Васильев  өзінің еңбек жолын 1983 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық экономикалық ұйымдар бөлімінде бастады.