Құлыбаев Тимур Асқарұлы

Құрметті әріптестер, Форум қонақтары!

Сіздерді  KAZENERGY қауымдастығы атынан ХI Еуразиялық KAZENERGY форумының жұмысына қатысуға шақырамын.

KAZENERGY форумы өңірдің энергетикалық секторындағы басты халықаралық оқиға болып табылады. Бұл дәстүрлі шараға әлем елдерінің Үкіметтері, халықаралық энергетикалық ұйымдар, дипломаттық өкілдіктер, энергетика секторындағы қазақстандық және шетелдік компаниялар, зерттеу институттары және консалтингілік агенттіктер зор ықылас танытып отыр.  Беделді  саяси тұлғалардың, дүниежүзіне танымал сарапшылардың қатысуы форумның табысы мен абыройын арттыра түспек.

IEA, International Energy Charter, IEF, GECF, UNECE, IRENA сияқты ірі халықаралық ұйымдар, сонымен қатар трансұлттық мұнай-газ және энергетика компаниялары  көп жыл қатарынан форумның серіктесі болып келе жатыр.

ХI Еуразиялық KAZENERGY форумы энергетиканы тұрақты дамыту және болашақ «энергетикалық теңдеулерді» шешу тақырыбында өтеді. Іс жүзінде бұл форум EXPO-2017 «Болашақ Энергиясы»  халықаралық мамандандырылған көрмесінің басты шараларының бірі болмақ.

Осылайша форум дүниежүзілік энергетиканы тұрақты дамыту және өңірдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  мәселелері бойынша ортақ диалогқа  маңызды үлес қосады.

Форум БҰҰ қолдауымен өтетін «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» министрлік конференциясы және 8-ші Тұрақты даму энергетикасы жөніндегі халықаралық форум шеңберінде басталған диалогтың жалғасы болады. Бұл шаралар тұрақты энергетика саласындағы жаһандық мәселелерді шешуге әлем елдері Үкіметтерінің  және халықаралық ұйымдардың назарын аудармақ. Осы маңызды әңгіменің жалғасы ретінде форум алаңында дүниежүзілік энергетикалық бизнес басшылары мен өкілдері саланы әрі қарай дамыту жолдарын, болашақ энергияның басты сын-қатерлерін  және тұрақты даму саласындағы ұлттық және халықаралық компаниялардың ұтымды стратегиясын талқылайды.

KAZENERGY кезекті форумы   бұрынғылары сияқты зор қызығушылық туғызатынына, онда ғаламдық және өңірлік энергетика нарықтарындағы жағдайлар  және табиғи ресурстарды пайдалану перспективасы туралы  өзекті пікірталастар жүргізілетініне   сенімдімін. Форум ұйымдастырушылары барлық ұсынылатын бастамалар мен ұсыныстарды жан-жақты әрі мұқият қарастыруға дайын.

Форумның барлық қатысушылары мен қонақтарына табысты еңбек тілеймін!

Құлыбаев Тимур Асқарұлы
KAZENERGY Төрағасы 

Welcome Letters Page Menu